Металлургтер қаласының көптеген тұрғыны еліміздің энергетикалық жүйесінің болашағы туралы мәселеге бар ынтасымен қарады. Таңертеңнен 127 референдум учаскесінде өскемендіктер ағыла бастады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көптеген азамат үшін референдум айтулы оқиғаға айналды. Мәселен, қалалық мотоцикл клубының мүшелері жерлестерін белсенді түрде қатысуға шақырды. Халық балаларымен, немерелерімен дауыс беруге келді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі атом энергетикасы нысандарымен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан Үлбі металлургиялық зауытының ұжымы ерекше ұйымшылдық танытты. Алғашқы сағаттарда сайлау учаскелерін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев пен Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да аралады.
"Мұнда өте ауқымды мәселе талқыланып жатыр. Өйткені біздің экономикамыздың көптеген саласындағы өзгерістер атом электр станциясының болуына немесе болмауына байланысты. Екі таңдаудың да оң және теріс жақтары бар. Егер біз біреуін таңдасақ, оны бірге таңдауымыз керек. Бүкіл ел болып. Сондықтан менің ойымша, референдумды елемеуге болмайды. Менің ойымша, бұл біздің демократиямыздың бір бөлігі. Уақыт өте келе маңызды мәселелерге қатысты осылай дауыс беруіміз жиілей түсу керек, – деді Думан есімді 18 жастағы дауыс беруші.
Референдумды ұйымдастыру процесін атап өткен жөн. Бірінші кезекте – мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде көру, есту бойынша мүгедектерге және арбаларды пайдаланушыларға дауыс беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Қалада барлығы – 918 осындай сайлаушы тіркелген. Олардың барлығы референдум учаскелеріне бекітілген, онда олар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Ол үшін стационарлық және тасымалданатын пандустар пайдаланылады, барлық жерде нашар көретіндер мен нашар еститіндердің дауыс беру орындары жабдықталған, Брайль қарпімен арнайы трафареттер ұсынылады.
Сонымен қатар учаскелік комиссиялар үйде дауыс бергісі келетіндердің барлығымен жеке жұмыс жасады. Ол үшін учаскелерде портативті жәшіктер қарастырылған және арнайы рәсім бекітілген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!