Өскеменде полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 18 қыркүйекте шағын айналма жолда болған.
"ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін тізгіндеген полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті, ол жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен", - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды.
Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!