Өскеменде өзенге құлап кеткен адам құтқарылды

Фото: Видео кадры

ШҚО-да көпірден өзенге құлап кеткен ер адамды құтқарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түн ортасында Өскемен тұрғындары полицияға Үлбі көпірінен өзенге құлаған ер адам туралы хабарлады. Оқиға орнына патрульдік полицейлер жедел жетті. Өзенге құлап кеткен азамат адамдарды көмекке шақырған. 

"Қатты ағыс салдарынан оған жүзіп жету мүмкін болмады, сондықтан біз құтқару құралдарын лақтырып, жағаға шығардық", – деді полиция қызметкерлері.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ер адам аман-есен құтқарылды. Ол абайсызда құлап кеткені анықталды. Жәбірленуші дәрігерлерге тапсырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова