Өскеменде өрт шығып, 34 адам эвакуацияланды
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 6 адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өскемен қаласы Гагарин бульвары көшесі бойында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаттағы пәтерінде өрт шықты.
ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 21 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялап, құтқару капюшоны көмегімен 6 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды.
Өрт 20 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.
Еске салайық, бүгін Астанада жеке екі қабатты үйде өрт шығып, төрт бала қаза тапты.
17 қараша күні таңертең екі қабатты жеке үйдің шатыры өртеніп, содан кейін ішінара құлаған.
Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жетіп, ашық жануды байқаған. Өрт 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты.
Себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетіп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина