Өскеменде оқушылар жанжалдасып, пышақтасқан

Өскеменде оқушылар жанжалдасып, пышақтасқан
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Өскемендегі мектептердің бірінде оқушылар арасындағы жанжал пышақ сілтеумен аяқталды. Қазір өңір полицейлері бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жанжал қаладағы орта мектептердің бірінде болды.

"Онда оқушылар өзара сөзге келіп калған. Жасөспірімнің бірі жиналмалы кәдесый пышақпен қарсыласына және өзіне дене жарақатын келтірді. Қазіргі уақытта істің ақ-қарасы анықталып, бақылау камераларының бейнежазбалары тексеріліп жатыр. Қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Жауапты тұлғалар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайтынын жеткізді.

Асыл Бигелді

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz