Өскемендегі мектептердің біріндегі жанжал кезінде мектеп оқушысы қарсыласына пышақ сұғып алған. Шабуыл жасаған оқушы өзін де жарақаттаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицейлер бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Жанжал облыс орталығындағы орта мектептердің бірінде болды, оқушылар ұрысып қалып, сол кезде олардың бірі жиналмалы кәдесый пышақпен қарсыласын және өзінің денесін жарақаттаған", - деп хабарлады полиция.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап, бейнекамера жазбаларын қарап жатыр. Облыстық полиция департаменті мектепте қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілгенін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!