- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде масаң күйдегі...
Өскеменде масаң күйдегі әйел адам біреудің көлігін айдап кеткен
Өскеменде масаң күйдегі әйел адам біреудің көлігін айдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүргізушіні ізін суытпай ұстаған тәртіп сақшылары алысқа кетуіне мүмкіндік бермеді.
Таңғы сағат бесте Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны жақын танымайтын қыздың оның Toyota Progres маркалы көлігін заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны туралы өтінішпен жүгінген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері көліктің бағытын анықтаған. Ұстауға жіберілген патрульдік полиция экипажының қызметкерлері оның ізіне түсу арқылы іздестірудегі көлікті ұстаған, оның тізгінінде орташа дәрежедегі масаң күйдегі 27 жастағы қала тұрғыны болған. Қылмыс үстінде ұсталған әйел қылмыс жасағанын мойындаған.
Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина