Өскеменде мамандандырылған ХҚКО аумағындағы ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Куәгерлер көліктерді автотұрақтан шығаруға асыққан, ал кейбіреулері құралдар көмегімен өртті өздігінен сөндіруге тырысты. Бірақ қатты жел өртті сөндіруге кедергі келтірді. Осылайша, құтқарушыларды шақыруға тура келген, бұл кезде өрт ауданы 100 шаршы метрге жетті.
Тілсіз жауды ауыздықтауда жеке құрамның 33 адамы және 10 техникасы жұмылдырылды. Қазір мамандар төтенше жағдайдың себебін анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Астана маңында бір аптаға созылған өрт ауыздықталғаны хабарланған еді.
Тілсіз жаумен күреске елордалық өртсөндірушілерден 143 адам және 21 техника, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару машинасы, 1 трактор және "Астана орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!