Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті

Өскеменде Сәтбаев даңғылындағы жылы аялдамада қызға әйнек құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Баланы жедел жәрдем алып кетті.

"Жәбірленуші Ана мен бала орталығына жеткізілді. Онда оны мамандар тексерді. Қыздың денесі аздап көгерген, тері астындағы гематома пайда болды. Балада бәрі жақсы, үйге жіберілді", - деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда автобус аялдамасы адамдарға құлаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!