Өскеменде құрамында никотин бар электрон темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, өткізілген іс-шаралар нәтижеcінде 8,5 миллион теңге сомаға 2000-ға жуық құрылғы тәркіленген. Материалдар сотқа жіберілген.
"Темекі өнімдері мен бір реттік электрон темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Құрметті азаматтар! Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вейптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне әсер етеді. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына назар аударуды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін депутат елімізде вейп пен оның басқа да түрлерін сатуға тыйым салуды ұсынғаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанға жылына қанша шетелдік турист келеді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз