- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде "кісі өлтіргіш...
Өскеменде "кісі өлтіргіш пайда болды" деген қауесет тарады
Өскеменде тұрғындардың зәре-құтын алған қылмыс ашылды. Бірер күн бұрын саяжай ұжымдарының бірінен әйел өлі табылған. Артынша әлеуметтік желіде қалада "кісі өлтіргіш пайда болды" деген қауесет тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды. Кейінгі рет 13 тамызда адам өлімі тіркелген. Марқұмды туыстары танып, жерлеу рәсімін өткізген. Ал оны өлтірген 56 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол бұрын сотталған басқа қаланың тұрғыны, бірақ полиция қызметкерлері оның әйелді қалай өлтіргенін, не істеп не қойғанын тергеу құпиялылығына байланысты айтпай отыр.
"Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Бау-бақша қоғамдарының бірінде әйелді өлтірген 56 жастағы бұрын сотталған, басқа қалада тұратын ер адамды ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алмас Төкенов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан