Өскеменде көршісі жанып жатқан үйден үш адамды алып шыққан

Өскеменде көршісі жанып жатқан үйден үш адамды алып шыққан
Фото: ШҚО ТЖД

8 қарашада Өскемен қаласында үйлердің бірі өртенген. Өртсөндіру бөлімшелері келгенге дейін өртеніп жатқан үйдің көршісі ішіндегі адамдарға көмекке ұмтылыпты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, көрші Андрей Смольников оқиға кезінде жақын маңда болып, 1963 жылы туған әйел мен 2,5 және 1,2 жастағы екі баланы үйден шығаруға көмектескен.

ТЖД

"Өртсөндірушілер келген кезде шаруашылық құрылыстарының ағаштары өртеніп, өрт тұрғын үйге қарай тараған. Өртсөндірушілер 154 шаршы метр аумақта өртті сөндірді. Өртсөндірушілер жанып жатқан үйден газ баллонын алып шықты", - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға салдарынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуының алдын ала себебі электр желісін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау болуы мүмкін.

Ал үш жанның өмірін арашалаған Андрей Смольников "Қамқор-Вагон" кәсіпорнының вагон-жөндеу депосында токарь болып жұмыс істейді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова