Әлеуметтік желіде "Крик" фильміндегі бетпердені тағып, көлік айдаған жүргізушінің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала тұрғындары жүргізушінің бұл әрекетін түрліше қабылдаған.
Біреулер балалардың қоғамдық көлік жүргізушісінен қорқуы мүмкін екенін жазды. Ал кейбірі жүргізушінің жай ғана әзілдегенін айтқан.
Алайда, "Марат-М" ЖШС де бұл әзілді бағаламады.
"Тасымалдаушының мәліметінше, бұл жүргізуші әдепсіз мінез-құлқы үшін жұмыстан босатылды", - деп хабарлады "Өскемен жолаушылар көлігін басқару орталығы" ЖШС.
Оқиға куәгерлері бұл жағдайда көлік жүргізушісінің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе деп те сұрап жатыр. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі автобус жүргізушісі жол ережесін бұзбағанын түсіндірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!