Өскемен қаласында Назарбаев даңғылындағы бесқабатты тұрғын үйде өрт шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттен 13 адам эвакуацияланды.
"Екінші қабаттағы пәтерде жиһаздар мен жеке заттар отқа оранды. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндірушілер қауіпті аймақтан 13 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекетінің арқасында тілсіз жау толықтай ауыздықталды", - делінген ақпаратта.
Өрттің жалпы ауданы 13 шаршы метрді құраған. Денесін термиялық күйік шалған 1968 жылғы пәтер иесіне апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті. Кейін ол қаладағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 12 адам және 4 техника жұмылдырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!