- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде көлік ұрлаған...
Өскеменде көлік ұрлаған адам бейнебақылау камерасы арқылы ұсталды
Өскеменде көлік ұрлаған адам бейнебақылау камерасы арқылы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыста жыл басынан бері бейнебақылау жүйесінің көмегімен 4 қылмыс ашылған. ШҚО орталығының полициясына қала тұрғыны оның ТҚС-қа жөндеу үшін қалдырылылған Suzuki маркалы автокөлігі ұрланғаны туралы жүгінген.
Күдікті алысқа кетіп үлгермеген, ол бейнебақылау камерасына түсіп қалған, соның арқасында оны полиция қызметкерлері тоқтатқан. Көлікті айдап әкетуші 29 жастағы көлік жөндеуші болғаны анықталды және ол мас күйде болған.
Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Автокөлікті ұрлау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, ал жүргізушіге қатысты көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина