Өскеменде көлігімен гүлзарды таптаған мас жүргізуші қамауға алынды

Өскеменде көлігімен гүлзарды таптаған мас жүргізуші қамауға алынды
Фото: видеодан алынған кадр

Өскеменде мас жүргізуші гүлзарға кіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 тамызда кешке 30 жастағы шығысқазақстандық көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарға "тұрақтаған".

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтады.

Құқық бұзушыға қатысты көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Жүргізуші жиырма тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан