Өскеменде кәсіпкерден 50 миллион теңге алған алаяқ сотталды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өскемен қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан А. Әбдірахмановқа қатысты үкім шығарды.
Ол ұялы телефонды иеленіп, облыс әкімінің орынбасары ретінде өзін таныстырып, су тасқынының салдарын жоюға көмек көрсету мақсатында өңірдің ірі кәсіпкерлерінің атына қоңырау шалған.
Сотталушы бизнес субъектісіне одан әрі жеңілдіктер мен преференциялар беру сылтауымен кәсіпкердің 50 млн теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен бұрын шығарылған жазаны қосу арқылы оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз