- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде жол ортасында...
Өскеменде жол ортасында билеп, видеоға түскен тұрғын жауапқа тартылды
Өскеменде жол ережесін бұзған тұрғын анықталды. Тәртіп бұзушы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда заңбұзушылықты байқаған қала тұрғындары бұл әрекетке бейжай қарамады. Оның жарияланымын бірнеше желі қолданушылары ШҚО полиция департаментінің Instagram парақшасындағы direct-ке жолдаған.
Кадрларда іс-әрекетімен өзінің де, өзгенің де өмірін қауіп-қатерге тігетінін түсінбей, ережені өрескел бұзған әйел адамның жол ортасында қоссызықты жолақ бойымен жүріп бара жатқаны көрінген. Полицейлер жол жүрісі қағидасын бұзған Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны мен оның операторын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізді. ШҚО полиция департаменті азаматтарды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады және бір қарағанда қатты маңызы жоқ болып көрінген заңбұзушылықтардың өзі ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина