Өскеменде жоғалып кеткен 38 жастағы ер адам өлі табылды

Өскеменде өткен аптада жоғалып кеткен 38 жастағы ер адам өлі табылды. Қаралы хабар Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1987 жылы туған Ринат Ахметов 17 желтоқсанда жұмыс орнынан шығып, үйіне қайтып оралмаған.

Жоғалған күні ер адам қара шалбар, капюшоны бар қара күрте киген. Қасында қара сөмке болған. Ерекше белгісі: оң көзінде протез бар.

Бұған дейін ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған адамның ағасы 21 желтоқсанда полицияға арызданғанын айтты. Одан кейін полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын бастаған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!