8 жастағы Арсенийдің ата-анасы ұлының өлімі туралы видеоны жариялады. Олар объективті тергеуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 11 шілдеде болған. Бұл күні Арсений лагерьде әткеншекте тербеліп жүрген. Баланың әкесі Роман Цурановтың айтуынша, баласы қараусыз жүрген кезде құлап, жарақаттар алған. Бала комаға түсіп, 12 күннен кейін жүрегі тоқтап қалды.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қайғылы оқиғаны растады.
"Осы жылғы 11 шілдеде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ал, қалалық білім бөлімі бұл мектептен тыс лагерь жекеменшік болғандықтан, оның қызметін қадағаламайтынын айтты.
"Білім басқармасы жекеменшік орталықтардың жұмысын қадағаламайды. Бізде ондай құзырет жоқ, - деп хабарлады басқарма.
Роман Цуранов ұлының өліміне кім кінәлі екенін анықтамақшы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!