Өскеменде жазасын өтеуші ұлы ақын Абайдың суретін жылдам салып таңғалдырды

Өскеменде жазасын өтеуші ұлы ақын Абайдың суретін жылдам салып таңғалдырды
Фото: Асыл Бигелді/Massaget

Өскеменде №16 колонияда отырған ер адам Абайдың портретін салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20 жылға бас бостандығынан айырылған ер адам Абай күніне дайындалып, өлеңдерін де жаттаған. Оның айтуынша, шығармашылықпен бала күнінен айналысады, сурет салуға икемі де бар.

"Осыған дейін оқып-білгенімнен Абайдың соншалық дана болғанын ұқтым. Жастарға да ақынның "Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап" өлеңінен ой түюге кеңес беремін", - деді ол.

Жазасын өтеуші қарындашпен ақынның суретін 1,5 сағатта салған. Колония қызметкерлерінің сөзінше, ер адам Абайдың кемеңгерлігі мен жылы шырайын айнытпай бейнелеген.

Мекеме психологы Шынар Ибраеваның айтуынша, сурет салу арқылы істі болған көп адам өзінің шығармашылық қырын оятады.

Асыл Бигелді

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz