Өскеменде биыл инвестициялар тарту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жобалар іске асырылып, жаңа нысандар пайдалануға берілді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Әкімдік мәліметінше, қалада төрт инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Оның екеуі пайдалануға берілді: "Maxi Mall" сауда-ойын-сауық орталығы мен "Altaimai" май зауыты. Ал тағы "Заречный базары" сауда үйі мен "AitasAgro Astyk" астық сақтау қоймасын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, "Келешек мектебі" ұлттық жобасы аясында 1 500 орындық үш мектеп (600, 300 және 600 орындық) пайдалануға берілді. Гематология орталығы мен дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталу сатысында, көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасып жатыр. "Үлбі" орталығының дағдарыс бөлімшесі мен "Демеу" оңалту орталығында жөндеу жүргізіліп, лифт орнатылды.
Айта кетейік, қалада жаңа қоғамдық кеңістіктер де ашылды. Олардың қатарында:
Сонымен қатар, 17 аула аумағы абаттандырылып, шағын сәулеттік формалар мен балалар ойын алаңдары орнатылды, 9 спорт алаңы салынды. 19 тұрғын үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Жеңіс және Сәтпаев даңғылындағы үйлерге сәндік және көркем жарықтандыру орнатылды. "Қазақстан" тауының элепенттерінде түнгі жарықтар пайда болды.
Өскемен әкімдігі ұсынған материал