- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде ер адам...
Өскеменде ер адам ойыншық тапаншамен жанармай құю бекетін тонаған
Өскеменде "Игры в кальмара" сериалындағыдай бетперде таққан ер адам жанармай құю бекетін тонаған, - деп хабарлайды Elitar.kz.
Полицияға бетперде таққан адам жанармай құю бекетіндегі кассирді тапаншамен қорқытып, екі миллион теңгеден аса ақша ұрлағаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Криминалдық полиция қызметкерлері екі сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Ұрланған ақшалай қаражат ұсталған адамның автокөлігінен табылды, үйден тапанша тәркіленді. Сондай-ақ, тапанша ойыншық болып шықты", - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.
Ведомство өкілі ұсталған адам сот санкциясымен қамауға алынғанын, оның әрекеттері ҚР ҚК 192-бабының 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша тергелетінін айтты. Ер адам 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ж. Қадыржанова