Өскеменде дәмханадағы өрттің салдарынан 45 ересек және 10 бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 2 шілдеде 5.23-те Өскемен қаласында дәмханада өрт болды.
Барлығы 55 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Эвакуациямен бір мезгілде өрт сөндірушілер өртке оранған дәмхананы сөндіріп, 6.19-да 120 ш. м. алаңда өртті сөндірді.
ШҚО ТЖД барлық дәмхана үй-жайлары автоматты хабарлау жүйелерімен жабдықталуы тиіс екенін еске салады. Өрт кезінде дереу "101" нөміріне қоңырау шалыңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!