Өскеменде дәмхана маңында жанжал шығып, 25 жастағы жігіт қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, қылмыс Лихарев көшесінде болған.
Басылым мәліметінше, қоғамдық тамақтандыру мекемесінде жанжал шыққан. 1998 жылы туған ер адам өткір затпен жарақаттанған. Жәбірленуші оқиға орнында қаза болды.
"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған", - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Басқа ақпарат жария етілмейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз