Өскеменде Арбаттағы конструкциялардың бірі кәмелетке толмаған баланың үстіне құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде домалақ сақина тәрізді құрылым баланың үстіне құлады деген ақпарат тарады.
ШҚО Полиция департаменті мұндай оқиға Өскеменде шынымен болғанын растады.
"Дерек белгіленген тәртіппен тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп түсіндірді полицейлер.
"Таза Өскемен" КМК ілулі тұрған арт-нысан "Сырға" деп аталатынын және әткеншек ретінде пайдалануға арналмағанын түсіндірді.
"Алайда, ауыр массасы бар арт-нысан ашылған кезде оған күш түсіретіндер көп. Оған бірден бірнеше адам отырады, құрылымды айналдырады. Мұндай жағдайларда бекіту элементтері тез тозады және жарамсыз болады", - деп қосты компания өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!