Өскеменде "әнші" фонтан пайда болды - бұл қаланың 295 жылдығына арналған сыйлық.
Жасаушылардың айтуынша, бұл Қазақстандағы жарық пен музыка үйлесімімен жұмыс істейтін ең ірі фонтандардың бірі. Оны құрастырушылардың қатарына сәулетшілер, құрылысшылар және дизайнерлермен қатар бағдарламашылар да тартылыпты. Олар судың атқылауын музыка ырғағымен және әуенмен үйлестірген.
Мұнда шырқалатын әуендер де шексіз, су да мыңдаған түрлі қозғалыспен "билейді." Өскемен әкімдігінің өкілдері мұндай фонтанды жасау үшін Ресейдің, Қытайдың және Араб Әмірліктерінің тәжірибесін қолданған. Алайда бұл фонтанды салуға жұмсалған қаражат Дубайдағы фонтанның құнынан әлдеқайда арзанға түскен.