Өскеменде академиялық қарызын жапқысы келген студент одан сайын қарызға батқан

Өскеменде академиялық қарызын жапқысы келген студент одан сайын қарызға батқан
Фото: ЖИ

Өскеменде академиялық қарызын жапқысы келген студент ірі көлемде шығынға ұшырады. Қыздың атына бөліп төлеу мен несие рәсімделген, ал мәселені шешуге уәде берген бейтаныс адам алдап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өскемен қаласы полиция басқармасына 22 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс ер адам академиялық қарызын жабуға және қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектесуді ұсынған.

Сенімге кірген ол әртүрлі сылтаумен қызды бөліп төлеу жүйесіне мен несие рәсімдеуге көндіріп, ақшаны өзінің бақылауындағы шоттарға аударуды талап еткен.

Алаяқтық әрекет салдарынан жәбірленушіге 1,7 млн теңгеден аса залал келген.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды. Ол облыс орталығының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерекке қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget