Өскеменде әділет майоры мен лейтенант сотталды

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкім жариялады.

№17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоғы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 миллион теңге көлеміндегі қаржы ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз