- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде 8 жастағы...
Өскеменде 8 жастағы қыз екі есік арасына қысылып қалған
Фото:
Видео кадры
Өскеменде 8 жастағы қыз есіктер арасына қысылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Протозанов көшесіндегі бір үйдің тұрғындары балалардың көмекке шақырған дауысын естіген. Кішкентай қыз екі есіктің арасында қалып қойғаны белгілі болды.
Көршілері құтқарушыларды көмекке шақырған. Мамандандырылған отряд қызметкері Арнат Қасенов баламен әңгімелесіп, оны тыныштандырып, бір мезгілде құлыпты бұзып жіберген.
"Есік ашылған бойда, 2016 жылы туған қызды аман шықты, алайда операция мұнымен бітпеді - құтқарылған қыздың ағасы пәтерде екінші есіктің артында қалды, ол да шығарылды", - делінген хабарламада.
Балалар қазір қауіпсіз жерде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек