Өскеменде 7 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
YK-news.kz мәліметінше, 7 жастағы Богдан есімді бала 23 шілдеде жоғалып кеткен.
"Балақай таңертең үйінен шығып, оралмады", - дейді жергілікті ПД өкілдері.
Куәгерлер оны соңғы рет "Самал" саябағында көрген.
Полиция департаментінің мәліметінше, Богданның үстінде қызыл футболка, көк шорты және қара аяқ киім болған.
"Балақайды іздеумен құтқарушылар мен полицейлер айналысып жатыр", - дейді Полиция департаментінің өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!