Өскеменде 5000-нан аса отбасы көмірді жеңілдетілген бағамен ала алады

Өскеменде 5000-нан аса отбасы көмірді жеңілдетілген бағамен ала алады
Фото: pixabay

Өскеменде 5000-нан аса отбасы көмірді жеңілдетілген бағамен ала алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оны жүзеге асыру мақсатында әкімдіктегілер үш жақты меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында әлеуметтік бағамен сату үшін "Қаражыра" компаниясы 35 мың тонна қатты отын жеткізеді.

"5000-нан аса отбасы төмендетілген бағамен сатып ала алады. Қазір бір тоннасы 14000 теңге десек, бұл жолы нарықтық бағадан 500 теңгеге арзан", - деді қала әкімдігі өкілі.

Одан бөлек, ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігіндегілер жеңілдікпен сатылатын көмірді жеткізуді өз мойындарына алмақ.

"Әлеуметтік бағадағы қатты отынға қол жеткізгісі келетіндерге осы бастан өтініш білдіріп, кезекке тұра беруге болады", - делінген мәліметте.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz