Өскеменде әйел адамның із-түзсіз кеткеніне үш апта болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйел адамды іздеу жұмыстарымен полицейлер мен еріктілер айналысып жатыр.
"12 қаңтарда әйел адам полицияға 1980 жылы туған Светлана Маслова жоғалып кеткені туралы хабар берген. Ол 3 қаңтарда сағат 10.30-да үйінен шығып, қайтып оралмаған", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
LIDER.KZ еріктілерінің мәліметінше, әйел адам қаладағы Гвардейская көшесінде тұрады.
Әйел адам жайлы қандай да бір ақпарат білетіндер мына нөмірлерге хабарласуына болады: 8-771-466-54-38 немесе 102.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!