- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскеменде 26 жастағы...
Өскеменде 26 жастағы қыз қыруар ақша бопсалап жүрген
Фото:
ПД
Өскеменде полиция қызметкерлері ақша бопсалап жүрген адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел уәкілдер 26 жастағы қызды ақша алу кезінде қолға түсірді. Күдікті ақша бопсалаған адамының жеке мәліметтерін жарияламау үшін 6 миллион теңге талап еткен.
"Оңай олжаға кенелмек болған ол соманың бір бөлігін алу кезінде ұсталды. Қазір бұл дерекке қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 миллион теңге бопсалағандар ұсталғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова