Өскемендегі Ертіс өзеніндегі көпірдің астында сымдар өртеніп, қала және қала маңындағы тұрғындар интернетсіз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі yk.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақтелеком" өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.
"Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің трассасында жоғары вольтты электр желісі қысқа тұйықталып, өрт болды. Салдарынан "Қазақтелеком" АҚ кабелі зақымдалды", - деді "Қазақтелеком" өкілдері.
Қазір Өскемендегі ЖМК ықшамауданында, Меновное және Ахмер ауылдары, Таврия және Герасимовка ауылдары және Риддер қаласының 16 437 абонентінде интернет жоқ.
"Қазақтелеком" АҚ жедел-құтқару жасақтары зақымданған аумақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз