Өскеменде 15 жастағы қыз зорланды

Өскеменде 15 жастағы қыз зорланды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Кәмелетке толмаған қызға зорлық-зомбылық көрсетілді деген ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі yk.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаменті зорлау дерегін растады. Күдікті қамауға алынған.

Өскемен қалалық әкімдігінің Ертіс полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды.

Істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 99-бабына сәйкес қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға іс жүргізу әрекеттерін жасау немесе іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы өтініш хатпен жүгінуге құқылы. 

Сондай-ақ, полицейлер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге ​​жатпайтынын мәлімдеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Алғабек