- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өскемен тұрғыны үйінде...
Өскемен тұрғыны үйінде әйелін босандырып алды
Өскеменде ер адам дәрігерлер келгенше әйелін үйінде босандыруға мәжбүр болды. Оған Жедел жәрдем станциясының операторы көмектесті, - деп хабарлайды yk.kz.
Басылым мәліметінше, жедел жәрдемге қоңырау түскен. Ер адам әйелінің жүктіліктің 37-аптасында толғағы басталғанын айтқан.
Осы уақытта жедел жәрдемнің қабылдау фельдшері Любовь Нұмалова ер адамға жедел жәрдем бригадасы келгенше телефон арқылы көмектескен.
Любовь Геннадьевна ерлі-зайыптының сабырлы болуын, үрейленбеуін сұрап, жедел жәрдем келгенше олармен байланыста болатынын айтқан.
Кенет әйелдің толғағы басталған. Диспетчер ер адамға босанғалы жатқан әйеліне қалай көмектесу керек, не істеу керегін кезең-кезеңімен түсіндіріп, нұсқау берген. Көп ұзамай Любовь Геннадьевна баланың дауысын естіген.
Жаңа туған нәрестені анасының кеудесіне қоюға кеңес берген диспетчер жедел жәрдем келгенше қоңырауды желіде ұстады.
"Қоңырауды желіде ұстау" әдісінің арқасында дәрігерлер шығысқазақстандықтардың өмірін сақтап қалды", - деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек