- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен төлем жасаған
Өскемен қаласының азық-түлік дүкендерінің бірінде ер адам 20 000 теңге көлемінде алкоголь сатып алып, жалған ақшамен есептескен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сатушылар купюраның жалған екенін ер адам ғимараттан шығып кеткен соң бірақ байқаған.
Полиция күдіктінің жеке басын анықтады — ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы азамат болып шықты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ер адамға екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан