Өскемендік полицейлер сал ауруымен ауыратын баланың арманын орындады. 2023 жылғы 24 қаңтар туған күнінде қаланың кішкентай тұрғыны ұмытылмас сыйлық алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өскемен полициясы басқармасының Instagram-дағы аккаунтына қала тұрғынынан хабарлама келген.
Ол ұлының туған күнінде оның "жарқылдақ шамы бар" патрульдік көлікке отыру туралы арманын орындауды өтінген. 14 жасар Қуандық церебральды сал ауруымен ауырады. Ол епатрульдік қызметтік полицейі болуды армандайды.
Полицейлер жасөспірімді қала бойынша қызметтік автокөлікпен қыдыртып, жарық, дыбыстық сигналдар мен рацияның қалай қосылатынын көрсетті, сонымен бірге Қуандық полиция таяқшасын қызыға ұстап, жарық шағылыстыратын жейде киіп көрді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!