Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарын қала күнімен құттықтап, орталық алаңда ән шырқады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
30 тамызда мерекелік серуен кезінде іс-шаралар мен ойын-сауықтармен қатар алаңда караоке алаңы орнатылды. Қала басшысы қолына микрофонды алып, жиналған тұрғындарға "МузАрт" тобының "Сен келерсің бір күні" әнін орындап берді.
Желіде қала әкімінің видеосы тарады.
Еске салайық, Жақсылық Омар 2018 жылдың 20 тамызында Өскемен қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!