Өскемен әуежайының қызметкеріне жолаушыға әдепсіз қимыл жасағаны үшін 50 мың теңгеден астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Өскемен әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 3 наурызда болған.
Қалалық әуежай қызметкері рейске тіркелу кезінде жолаушылардың бірімен жанжалдасып қалған. Ер адам өзін агрессивті ұстады және дауыс көтерген. Бұған жауап ретінде қызметкер жолаушыға әдепсіз қимыл көрсеткен.
Сот осыдан ұсақ бұзақылық белгілерін көріп, әйелге 51 688 теңге айыппұл салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!