Өскемен әкімі Жақсылық Омар қала әкімі қызметінен кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл қызметке 2018 жылы тағайындалған болатын. Жақсылы Омар әлеуметтік желідегі парақшасында қызметінен кету себебін түсіндірді.
"Қымбатты өскемендіктер! Алты жыл деген аз уақыт емес, көп те уақыт емес. Осы аралықта сіздермен бірге қаланың ыстығына күйіп, суығына тоңып, шама-шарқымыз келгенше қызмет атқардық. Ұзақ сөйлемей, қысқаша қайырып айтатын болсам, қала басшысы лауазымындағы қызметім тәмамдалып жатыр. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Өз басым осынау көрікті шаhар - Өскемен тұрғындарына, яғни сіздерге, ел басшылығына маған сенім білдіргендеріңіз үшін ризашылығымды айтқым келеді", - деді ол.
Жақсылық Омар - 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.
2001-2004 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде;
2004-2007 жылдары Мәдениет министрлігінде;
2007-2009 жылдары "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ-ында;
2009-2009 жылдары "Арна медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ-ында;
2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі болып қызмет етті.
2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, бастығы;
2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы;
2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!