"Оскар" премиясының жүргізушілерін іздеу әлі жалғасып жатыр. Дереккөздер Райан Рейнольдс пен Хью Джекманның үміткерлер қатарында екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, жүргізуші болуға үміткер жұп - жазда хитке айналған және 2024 жылы 1,33 миллиард доллармен әлемдегі екінші ең үлкен касса жинаған "Дэдпул мен Росомаха" жұлдыздары.
Айта кетейік, Хью Джекман 2009 жылы "Оскар" премиясын жүргізген. Ал Рейнольдс бұл рөлге тамаша жарасатын адам екенін растайтындар көп. Дуэт сонымен қатар Джимми Киммелдің ABC ток-шоуын сәтті жүргізген болатын.
Еске салайық, жыл сайын өтетін "Оскар" премиясының марапаттау рәсімі 97-рет 2025 жылдың 2 наурызында өтеді.
Тұңғыш телевизиялық жүлде 1929 жылы берілді. Ал ол жүлде "Оскар" деп 1940 жылдары атала бастады. 1953 жылы алғаш рет теледидардан трансляцияланды.
Қазір "Оскар" 24 номинация бойынша беріледі. Сонымен қоса 4 арнайы номинациясы бар.
Америкалық киноакадемияға дауыс беруге құқылы 5 829 адам мүше.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!