Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент Twitter-парақшасында жазды.
"Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның "толық адам" тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз", - деп жазды Президент.
Еске салайық, 10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін тойлайды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын, ағартушы және сазгер Абай Құнанбаевтың туған күні - ресми мереке күні.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!