- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Өсек тыңдамаңыз!“ -...
“Өсек тыңдамаңыз!“ - Қанат Бозымбаев журналиске ескерту жасады
Фото:
Massaget.kz
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев журналиске кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында вице-премьерге "Бұған дейін сіз премьер-министр болады деген әңгіме көп айтылды. Бұл туралы сіз не ойлайсыз?" деген сұрақ қойылды.
Қанат Бозымбаев БАҚ өкіліне өз кеңесін берді.
"Сізге бір кеңес берейін. Таңертең төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз", – деді премьер-министрдің орынбасары күліп.
Еске салайық, Қанат Бозымбаев биыл 31 наурызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған болатын.
2023 жылғы қыркүйектен бері ол президент кеңесшісі қызметін атқарған. Ал 2021-2022 жылдары ол Алматы облысының әкімі болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Есен