АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің мәдениет жөніндегі атташеcі Джон Орак қазақшаны қалай үйренгенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дипломат қазақшаны АҚШ-та жүріп үйренген, қазір Астанада тұрады.
Алайда қалада көпшілігі орысша сөйлейтіндіктен, қазақшасын жетілдіруге тәжірибе жетпей жүр екен.
"АҚШ-та қазақ тілін оқыдым, бірақ қазір Астанада тұрамын. Астанада көп адам орысша сөйлейді, сондықтан қазақша практика жоқ. Бір жыл оқыдым. Америкада қазақ мұғалімінен үйрендім", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!