- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Орыс тілінің мұғалімі...
Орыс тілінің мұғалімі өзінің жалақысынан үздік оқушыларға шәкіртақы беріп жүр
Өзбекстанда орыс тілінің мұғалімі өзінің жалақысынан үздік оқушыларға шәкіртақы беріп жүр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша төрт оқушыға шәкіртақы тағайындалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Ёркиной Маматисакованың сөзінше, ол осылайша оқушыларын ынталандырмақ.
"10 "Б" сыныбында шәкіртақы тағайындағаннан кейін маған оқушылардың ата-анасы хабарласып, алғыс айтты. Олар баласы ақша салынған конвертті үйге әкеліп, ата-анасына бергенін айтқан. Жалақыдан гөрі балалардың қуанғанын көру шаттық сыйлайды", - дейді мұғалім.
Podrobno.uz
30 жылда Ёркиной Маматисакова көптеген жаңашылдық енгізіп, оқушыларын ынталандырып жүрген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина