- Негізгі бет
- LifeStyle
- Орын қалмаған жағдайда...
Орын қалмаған жағдайда пойызға билетті қалай сатып алуға болады?
Орын қалмаған жағдайда пойызға билет сатып алуға көмектесетін "Күту парағы" қызметі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Күту парағы" қызметін қалай қолдану керек?
- Bilet.railways.kz сайтына тіркеліңіз және жеке кабинетке кіріңіз.
- Егер қажетті маршрутқа билет болмаса, "Күту парағына тұру" операциясын таңдаңыз, ол беттің соңында орналасқан.
- Қажетті маршрут пен пойыз нөмірін, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін және электронды пошта мекенжайын көрсету арқылы "күту парағына" өтінімді толтырыңыз.
- Бос орын пайда болған жағдайда сіздің жеке кабинетіңізге хабарлама және билетті сатып алу қажеттілігі туралы SMS-хабар түседі.
Кезек автоматты түрде қалыптасады
Компания бұл кезекке сырттан бөгде адам араласа алмайтынын айтты.
"Кезек адамның араласуынсыз қалыптасады, яғни сырттан өзгерту мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ жүйеде билеттерді сату тетіктері қайта қаралды, сондықтан билеттер еркін сатылымға шыққан кезде ортадан басқа біреу кіріп, орындарды ала алмайды. Егер кассир 30 секунд ішінде 5-тен астам сұраныс жасаса, билеттерді сату жүйесі бұғатталады. Үш бірдей сұраудан кейін бағдарлама кассирге бір типті сұрауларды жіберуді тоқтатпаса, 5 минутқа құлыпталуы мүмкін екенін ескертеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі Tengri Travel-ге.
Сондай-ақ жолаушы бұл қызметті "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассасына тікелей жүгіну арқылы пайдалана алады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда пойызға кешігіп қалсаңыз, билеттің ақшасын қайтара аласыз ба?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова