- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ортодонт тіс тазалаудың...
Ортодонт тіс тазалаудың негізгі ережелерін айтты
Ортодонт-стоматолог Александра Таирова тіс тазалаудың негізгі ережелерін айтты, - деп хабарлайды Gazeta.
Маманның айтуынша, ауыз қуысын мұқият күту үшін тіс щеткасын ғана емес, тіс шаятын, аралықтарын тазартатын щеткаларды да қолдану керек. Сондай-ақ, тіс тазалау кезінде бірнеше негізгі қимылды есте ұстаған жөн.
"Үйкелеу арқылы, қызыл иектен бастап шетіне қарай немесе шайнайтын жердің жоғары бөлігі, кері шегіну, тістің шайнайтын жоғары жақтарын тазарту, ал дөңгелектеп тазалау мектеп жасына дейінгі балалардың тістерін тазартуда ұсынылады, сондай-ақ, қызыл иекке массаж жасауға да болады", - деп түсіндірді дәрігер.
Тіс дәрігері балалардың сүт тістерін тазалау кезінде ауыз қуысының шырыш қабығына зақым келтірмеу үшін ата-аналарға дымқыл майлықтарды немесе саусаққа арналған щетканы қолдану қажет екенін атап өтті.
"Екі жасқа дейін баланы тістерін өздігінен тазалауға үйрету керек, бірақ міндетті түрде ересектер бақылау қажет. Сүт тістерін тазазалауға болмайды деген түсінік - миф. Тазалау керек, әйтпесе қабыну процесі тұрақты тістерге де әсер етуі мүмкін", - деп ескертті ортодонт.
Дәрігер сүт тістерін тазартуға арналған кеңестер барын айтты. Оның сөзінше, бүкіл процесс шамамен үш минут уақыт алуы тиіс.
Ж. Қадыржанова"Бір тісті толық тазалау шін тіс щеткасымен 10-нан аса қимыл жасау керек. Тістеріңізді тазартуға қанша уақыт жұмсағаныңыз емес, тістеріңізді жуған кезде қандай қимыл жасайтыныңыз маңызды", - деп қорытындылады ол.