Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 тамызда Көкшетау-Рузаевка тасжолында болған. Lexus LS 430 көлігі мен DAF бензин тасығышы соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп кеткен.
Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!